Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсан аяқталуға жақын. Одан кейін оқушыларды ұзақ каникул күтіп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2026 жылы көктемгі демалыс 19 наурыздан 29 наурызға дейін (қоса алғанда) жалпы 11 күнге созылады.
18 наурыз - соңғы оқу күні. Ал 30 наурызда оқушылар мектепке қайта оралып, төртінші тоқсанды бастайды.
Айта кетейік, Қазақстанда оқу бағдарламасы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес төртінші тоқсан шамамен 8 апта болады. Ол 2026 жылы 25 мамырда аяқталып, одан кейін жазғы демалыс басталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова