- Негізгі бет
- LifeStyle
- Оқушы сөмкесінің салмағы...
Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек?
Фото:
Ернар Алмабек
Рюкзак салмағы оқушының дене салмағының 10–15%-нан аспауы тиіс, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru"-ге сілтеме жасап.
Педиатр Рамил Шахвеледовтың айтуынша, егер баланың салмағы 30 кг болса, оның сөмкесі 3 кг-нан ауыр болмауы керек.
"Бұл омыртқаға және арқа бұлшықеттеріне артық күш түсірмеуге көмектеседі", - дейді дәрігер.
Рюкзак - мектепке қажетті негізгі құралдың бірі. Бірақ ауыр сөмкелердің денсаулыққа қаупі жайлы ұмытпау керек.
"Ауыр сөмке арқаның ауыруына, омыртқаның қисаюына және тіпті сколиоздың пайда болуына әкелуі мүмкін", - деп ескертті маман.
9-сынып & 11-сынып: мектепті қашан аяқтаған дұрыс?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова