- Негізгі бет
- LifeStyle
- Өкше неліктен жарылады?...
Өкше неліктен жарылады? Подолог 5 себебін атады
Кейде аяққа қандай күтім жасаса да, өкше жарылып кетеді. Өйткені мұның себебі мүлде басқа болуы мүмкін. Подолог Екатерина Пинчук өкше неліктен жарылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru" сілтеме жасап.
Ең алдымен, өкше терісі неліктен қатты болатынын анықтайық? Негізі аяқ терісінде май бездері болмайды, сондықтан ол құрғақтыққа бейім. Сондай-ақ, жүрген кезде аяқ үнемі қысымға түсетіндіктен, терінің қабығы қалыңдайды.
Өкше терісінің шамадан тыс жарылуының себебі бестен әлдеқайда көп. Мысалы, табан аурулары, жыл мезгілі (қыста, ерте көктемде) және тағы басқа.
- Дұрыс таңдалмаған тар аяқ киім.;
- Артық салмақ, аяққа үлкен жүктеме түседі
- Ортопедиялық мәселе;
- Дәрумен жетіспеушілігі (әдетте А, Е және С дәрумендері);
- Тым құрғақ ауа.
Әрине, тағы бір себеп - аяқ терісіне күтім жасамау. Сондықтан подолог немесе дерматологпен кеңесіп, сізге қажет құралдарды таңдаған дұрыс: ылғалдандырғыш, ұнтақтар. Подолог мәселеңізді шешуге бағытталған медициналық педикюр жасап, күтімді үйде қалай дұрыс жасау керегін айтады.
Айта кетейік, бұған дейін жарылған өкшені қалай емдеу керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гүлдің формуласы мен диаграммасы
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә