“Өгей әкем абьюзер болды“. Нағима Есқалиеваның ұлы анасы жайлы сырды ашты

“Өгей әкем абьюзер болды“. Нағима Есқалиеваның ұлы анасы жайлы сырды ашты
Фото: instagram.com/dias_ablayev

ҚР Халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы, әнші Диас Аблаев анасының өмірі жайлы бұрын айтылмаған құпияны ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бөлісті.

Диас Аблаев мансабындағы алғашқы ашық сұхбатында ата-анасы Нағима Есқалиева мен Александр Аблаевтың ажырасуы туралы естеліктерін бөлісті.

"Мен ол кезде 3-4 жаста едім. Ешқандай жанжал, ұрыс есімде жоқ. Мен әкеммен бірге Свердловскіден келген кезіміз еді. Ол жақта оның әпкесі тұратын. Біз үйге келгенде босағада анам тұрды. Ол "болды" деді. Ал әкем кетіп қалды. Мен ештеңе түсінбедім. Қайтадан ойынға кірістім", - деді ол. 

Диас Аблаев ата-анасының ажырасуы оның өміріне қалай әсер еткені жайлы бөлісті.

"Мұның маған қаншалықты әсер еткенін кейін түсіндім. Бірақ мен олардың әлі де бір-бірімен сыйластықта екеніне ризамын. Жалпы, әкем бұл жағынан өте дипломатиялық адам. Оның әртүрлі әйелден үш баласы бар, бәріміз жақсы араласамыз", - деп қосты Есқалиеваның ұлы.

Диас сонымен қатар әйгілі анасының екінші некесінің қандай болғаны туралы тәптіштеп айтып берді. Нағима Есқалиеваның екінші экс-күйеуі қазір тірі емес болғандықтан, ол бұл тақырыпта көп сөйлемеуді жөн көрді.

"Ол жерде бәрі өте нашар еді. Мен мұның бәрін көрдім. Бірақ мен ештеңе істей алмайтын едім. Тек анама: "Анашым, тапқан күйеуіңіз осы ма?" дейтінмін. Олар мені әке деп атауға мәжбүрлейтін, бірақ мен олай айтпайтынмын. Бұл сондай қайғылы оқиға еді. Анам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аман қалды", - деді Диас.

Диас Аблаев - қазақстандық әнші, музыкант және композитор. Ол Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы. Диас өзінің музыкалық мансабын 2014 жылы бастады, сол жылы өзінің алғашқы "Қосыл бізге" атты қазақ тіліндегі әнін шығарды. Әнге Бали аралында GoPro камерасымен клип түсірілген. Сондай-ақ 2014 жылы Диас Түркиядағы Turkvision халықаралық ән байқауына қатысып, финалист атанды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин