Жақында 6 жыл отасқан әйелімен ажырасып, екінші рет үйленетіні туралы айтқан актер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген жеке өмірі туралы айтып, сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол журналист, тележүргізуші Анна Данченкоға арнайы сұхбат беріп, неге ажырасқаны, балаларына алимент төлеп жүргені туралы айтып берді.
Актердің бұрынғы әйелі Фариза ажырасудың басты себебі ретінде ата-енесінің "айлығыңды бізге әкеп өткізесің" деп қысым жасауы себеп болғанын айтқан. Алайда Нұрсұлтан Жақсыген бұл сөздердің шындыққа жанаспайтынын айтып, ақталды.
"Менің әке-шешем – зейнеткер. Сондықтан менің әйелімнен ақша сұрайтын ниеті де, пейілі де жоқ. Ол өзін ақтап алу мақсатында айтып жатқан шығар. Оның айлығы бізге не керек, мен өзім жұмыс істейтін болсам. Маған ол жұмыс істемесе де бәрібір. Мен өзімнің аманатым екенін, менің жауапкершілігім мен қамқорлығымда екенін де сезінемін, білемін, түсінемін. Әйелім үйде отырып қалмасын, ойы бөлінсін, адамдармен аралассын деген оймен, "жарайды, жұмыс істегің келсе, жұмыс істе" дедік қой. Бірақ жұмыстың да шекарасы болуы керек, ол сақталмады", – дейді актер.
Анна Данченко осыдан бір жыл бұрын Нұрсұлтан Жақсыгеннің отбасында қонақта болып, түсірілім жасаған сәтін еске алды. Актер ата-анасына жала жабылғанын, олардың өте ақ көңіл, адам баласын ренжітпейтін адамдар екенін алға тартты.
"Менің ата-анам аузын ашса, жүрегі көрінетін ақ көңіл жандар. Сол кісілерге сондай бір жазықсыздан жазықсыз жала жауып жатқанына қатты ішім ашыды. Содан кейін барып көңілім қатты суып кетті", – деді ол.
Еске салайық, жақында актердің екінші рет үйленейін деп жатқаны белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!