Нұрболат Абдуллин Қазақстанның 7 қаласында концерт береді

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин қазан айында Қазақстанның жеті қаласында концерт береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Әзірге әнші концерт беретін қалалардың қатарында Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Орал және Ақсай қалалары бар. Ұсыныстар болып жатса қалалар қатары әлі де толыға түсуі мүмкін. 

7 қаланың тізімін жариялаған әнші: "Көріскенше, көрермен! Қалған концерт өтетін қалалар тізімін хабарлайтын боламын", - деп жазды. 

Еске салайық, жақында Нұрболат Абдуллин Қызылорда қаласында өткен концертте ән шырқаған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!