- Негізгі бет
- LifeStyle
- Нумеролог жазда жеке...
Нумеролог жазда жеке өмірінде өзгерістер болатын жұлдызнама белгілерін атады
Нумеролог Ирина Листовская жазда жеке өмірінде өзгерістер болатын жұлдызнама белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24"-ке сілтеме жасап.
Маусымда Торпақ, Шаян, Таразы, Сарышаян және Суқұйғыш белгілері өкілдерінің жеке өмірінде өзгерістер болуы мүмкін.
Ирина Листовскаяның айтуынша, серігі бар Торпақтар қарым-қатынастың жоғары деңгейіне өтуі мүмкін. Ал жалғызбасты Торпақтар ақылды және өзіне сенімді адаммен танысуы мүмкін.
Маусымда Шаяндардың серігінен алыстап кету және тіпті, онымен қарым-қатынасты бұзу қаупі бар: себебі олар шаршады және жалғыз болуды қалайды. Алайда бәрін жақсылап ойлану үшін жалғыз өзі демалысқа барып келгені жөн.
Таразыларда сүйікті адамымен қарым-қатынасы тығырыққа тірелуі мүмкін, сондықтан бәрін өз қолыңызға алатын уақыт келді.
"Егер махаббатыңызды сақтап қалғыңыз келсе, серігіңізбен сөйлесіңіз және ымыраға келіңіз. Бірақ ештеңе өзгертуге келмейтінін түсінсеңіз, оны жіберіңіз және жаңа адамдармен танысудан бас тартпаңыз", - дейді нумеролог.
Басы бос Сарышаяндар маусымда жанына жақын адамды кездестіруі мүмкін.
Суқұйғыштарды құштарлы роман күтіп тұр.
"Бұл өміріңіздегі ерекше жазға айналады", - деді маман.
Оқи отырыңыз: "Тоқтылар - сөзіңді бөледі, Арыстандар – кешігіп жүреді". Жұлдызнама белгілерінің жағымсыз әдеттері
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова