Блогер Бота Әбдіраманова анасының арманын орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер видеода анасы өз тойында салтанатты той көйлегін кие алмағанын айтады. Бота Әбдіраманова анасының арманын орындағысы келеді. Оның бұл идеясы ата-анасының үйленгеніне 40 жыл болған сәтпен, яғни лағыл тойға тұспа-тұс келеді.
"63 жаста тұрмысқа шығу кеш деп кім айтты?", – деп жазды блогер бейнеролик астына.
Той көйлегін киген блогердің анасы ғана емес: әкесі де классикалық костюм киді. Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, қолданушыларды тәнті етті.
"Сондай сүйкімді жұп", "анасының энергетикасы қандай күшті", "анасы неткен сұлу" , - деп жазды Желі қолданушылары.