- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Неткен сұлу". 63...
"Неткен сұлу". 63 жаста той көйлегін киген әйел Желі қолданушыларын тәнті етті
Блогер Бота Әбдіраманова анасының арманын орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер видеода анасы өз тойында салтанатты той көйлегін кие алмағанын айтады. Бота Әбдіраманова анасының арманын орындағысы келеді. Оның бұл идеясы ата-анасының үйленгеніне 40 жыл болған сәтпен, яғни лағыл тойға тұспа-тұс келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"63 жаста тұрмысқа шығу кеш деп кім айтты?", – деп жазды блогер бейнеролик астына.
Той көйлегін киген блогердің анасы ғана емес: әкесі де классикалық костюм киді. Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, қолданушыларды тәнті етті.
"Сондай сүйкімді жұп", "анасының энергетикасы қандай күшті", "анасы неткен сұлу" , - деп жазды Желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз: Бақытты қарым-қатынастың құпиялары
А. Жапатова