Жүрсін Ерманның шетелдік құдасы немересімен қазақ әніне билеп, көпті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодағы айтыскер, ақын Жүрсін Ерманның Ардақ деген қызынан туған жиені Айдананың күйеуінің әкесі.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесустің немересі жартылай қазақ. Баланың аты Кай.
ДДҰ басшысының ұлы Аммануил болса айтыскер ақын Жүрсін Ерманның Ардақ деген қызынан туған жиені Айданаға үйленген.
Айдана шетелде тұрса да қазақтың төл мәдениеті мен өнерін ұмытпаған. Ән айтып, домбырамен күй де тартады. Ал атасына қазақ тілін үйретіп қойған.
Видеодан көргендеріңіздей, атасы мен немересі әнші Ұланғасыр Қамиевтің “Ямахау” әніне билеп жатыр", - деп жазылған видео астында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!