Ұялы телефон жаңа болса, ол жылдам қуатталады және қуаты ұзаққа дейін жетеді. Алайда уақыт өте телефонның батареясы тозып, ол өте баяу қуатталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Styler-ге сілтеме жасап.
Ұялы телефонның баяу қуатталуының жиі кездесетін себебінің бірі – кабельдің зақымдалуы. Егер кабельдің зақымдалғанын байқасаңыз, мысалы, оның бір жері үзіліп немесе бүгіліп қалғанын көрсеңіз, оны ауыстыру керек. Мұндай заттарға ақша үнемдеудің қажеті жоқ, себебі сапасыз кабель аккумуляторды зақымдайды.
Бұзылған адаптер
Егер кабельмен проблема болмаса, телефонның баяу қуатталуы адаптер ақауынан туындаған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оны жаңасына ауыстыру керек. Жаңа адаптер таңдаған кезде жеткілікті қуаттылығы бар сапалы түрін алыңыз.
Ескі аккумулятор
Смартфондарда қолданылатын литий аккумуляторлар пайдалану кезінде тозуға бейім. Әдетте олар зарядтау мен заряд бітуінің нақты циклдер мөлшерімен шектелген. Ал одан кейін батареяның тиімді сыйымдылығы азаяды. Бұл жағдайда жалғыз шешім – аккумуляторды ауыстыру.
Ұялы телефонды дұрыс қолданбау
Ұялы телефонды дұрыс қолданбау оның баяу қуатталуына әкелуі мүмкін. Мысалы, зарядталып жатқан телефонды қолдансаңыз, аккумулятордың қызып кетуіне және оның баяу қуатталуына әкеледі. Сондай-ақ ұялы телефонды ноутбук немесе теледидар арқылы зарядтау ұсынылмайды.
Ұялы телефон баяу қуатталатын болса, не істеу керек?