- Негізгі бет
- LifeStyle
- Неліктен кей адамдар...
Неліктен кей адамдар мүлдем түс көрмей кетеді?
Мүлдем түс көрмеу нарколепсия, апноэ, депрессиялық бұзылыс, тәуелділік, қатерлі ісік және т.б. ауруларды көрсетуі мүмкін. Невролог Марина Филиппованың айтуынша, мүлдем түс көрмесеңіз немесе тек қорқынышты түстер көре берсеңіз, маманға көріну керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мүлдем түс көрмейтін адамдар санаты бар. Көп жағдайда онда тұрған жаман ештеңе жоқ. Себебі көбіне адам түс көреді, бірақ оны ұмытып қалады. Сондықтан сіз мүлдем түс көрмеймін деп ойлауыңыз мүмкін. Адамның жасы ұлғайған сайын оның ұйқысы азаяды, сондықтан егде жастағы адамдар ешқандай себепсіз түс көрмей кетеді, - деді ол Ria.ru-ге.
Алайда түстің мүлдем болмауы қандай да бір ауруды көрсетуі де мүмкін. Бұл түнгі қорқынышты түстерді тудыруы мүмкін аурулар, яғни нарколепсия, апноэ синдромы, мазасыздық-депрессиялық бұзылыс, тәуелділік (алкоголь, есірткі), қатерлі ісіктер, ми ісіктері.
"Сондықтан егер сіз жиі немесе күнде түнде қорқынышты түстер көрсеңіз, сондай-ақ мүлдем түс көрмейтін болсаңыз, маманның кеңесіне жүгінуіңіз керек. Сіз сомнолог немесе невролог дәрігерлерінен бастай аласыз", - деді дәрігер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова