- Негізгі бет
- LifeStyle
- Неліктен дәретханаға смартфонмен...
Неліктен дәретханаға смартфонмен кіруге болмайды?
Көпшілік адам ұялы телефонын дәретханаға да алып кіреді. Алайда олар бұл әдеттің қаупі жайлы біле бермейді.
Кей адамдар маңызды хатты көрмей немесе қоңырауды естімей қаламын деп сылтауратып, смартфонын аз уақытқа болсын тастай алмайды. Алайда дәретханадағы 10 минут жұмыс ырғағына ешқандай әсер етпейді. Дәретханаға ұялы телефонмен кірудің қандай жағымсыз салдары болуы мүмкін?
Геморрой
Көпшілік проктолог унитазда 10-15 минуттан артық отырмауға кеңес береді. Дәретханаға телефонын алып кіретін адамдардың көбі унитазда ұзақ отырады және осыншама ұзақ отырғанын өздері байқамай да қалады. Бұл жамбас бұлшықеттеріне артық жүктеме және тік ішекке шамадан тыс қысым түсуіне әкеледі. Нәтижесінде сізде геморрой пайда болуы мүмкін.
Микробтар мен вирустар
Дәретхана таза жер емес екенін білеміз. Унитаздың суын ағызған кезде оның ішіндегі микробтар мен вирустар оның сыртына шашырап, бүкіл бөлмеге тарайды. Сондықтан смартфонды дәретханаға мүлдем алып кірмеген жөн. Сіз қолыңызды сабынмен жуғанымен, бәрібір қолыңызға дәретханада болған смартфонды аласыз, оны содан соң дастарханның үстіне қоясыз және бетіңізге тақайсыз. Жалпы смартфонда микроб көп болатынын ұмытпаңыз, сол үшін оны жиі тазалап тұрған дұрыс.
Құрылғының бұзылуы
Қымбат гаджетіңізді унитаз суына түсіріп алуыңыз мүмкін. Сіз оны түсіріп алмаймын деп қанша сенімді болсаңыз да, статистика басқаша нәтиже көрсетеді: смартфонмен дәретханаға кіретін адамдардың әр бесіншісі құрылғысын суға түсіріп алады екен.
Іш қатумен қиналасыз ба? Іш өткізетін 5 табиғи өнім
А. Жапатова