"Каспий" тобының экс-мүшесі Айбар Серкебаев "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, бірнеше жыл өткен соң некесін жаңартқан.
"Мәхрге алтын сағат" деген. Он екі жыл болды. Болмай кетті. Жағдай бар, бірақ білмеймін. "Неке жаңарту" дегенді естідім. "Бекер тұрмысқа шығыппын, бекер алыппын" деген ой келсе, некенің шарттары бұзылып кетуі мүмкін" дейді. "Жаңартып жіберген абзал" дейді. "Жаңартып жіберсе, сезімдер оралады" дейді. Жақында неке жаңарттық, неке жүзігін тақтық", - дейді ол.
Айбар Серкебаевтың жұбайы да бұл жолы мәхр алғанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!