Неге ұшақ борты үнемі салқын болып тұрады? Бортсеріктер салондағы температура әдеттегі бөлме температурасынан неге төмен болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DailyMail басылымына сілтеме жасап.
Халықаралық рейстердің аға бортсерігі Джей Роберттің айтуынша, ұшақ салқын болуы жайдан жай емес, бұл - инженерлік шешім.
"Ұшақ әуежайда тұрғанда сыртқы салқындату жүйесімен салқындатады. Бірақ әуеге көтерілген соң бәрі қозғалтқыштан қуат алатын ішкі жүйеге байланысты болады", – деп түсіндірді ол.
Температураны басқару бір адамның қолындағы іс емес. Негізгі бақылау ұшқыштардың құзырында, дегенмен бортсеріктер арнайы панель арқылы салон ішіндегі температураны сәл өзгерте алады. Бірақ қатты өзгерту үшін олар ұшқыштар кабинасымен байланысуы керек.
Ассоциация өкілі Тейлор Гарлендтің айтуынша, ұшақ салоны температура бойынша бірнеше аймаққа бөлінеді.
Ал тәжірибелі бортсерік Джей Роберттің сөзінше, салон салқын болуының кем дегенде үш орынды себебі бар:
"Егер ұшақ ішінде температура 24°C-тан жоғары көтерілсе, адамның есінен тану қаупі артады", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ұшаққа отырғанда неге иллюминатор пердесін жаппау сұралатыны айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!