Терапевт Джузеппе Арагона спортпен шұғылданғаннан кейін бас ауыруының пайда болу себептерін түсіндірді. Бұл туралы ол Huffington Post басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арагонаның айтуынша, бас ауыруы ағзаға су жетіспеуінен, ылғалдылығы жоғары әрі ыстық жағдайда жаттығудан, бөлменің дұрыс желдетілмегенінен немесе дұрыс қыздырынбаған соң туындауы мүмкін. Қатты күш түскен кезде қан қысымының күрт көтерілуі мидағы қан тамырларының кеңеюіне әкеліп, соның салдарынан бас ауырады.
Сондай-ақ, терапевт физикалық жүктемеден бұрын тамақ ішпей жаттығу салдарынан қандағы қант деңгейінің төмендеуі де бас ауруын қоздыруы мүмкін екенін айтты. Бұған қоса, дұрыс емес дене қалпы, мойын бұлшықеттерінің керілуі де әсер етуі ықтимал.
Маманның сөзінше, жүгіру кезінде бас ауыруына сырттағы суық ауа райы да себеп болуы мүмкін: температураның күрт өзгеруі, суық ауаны жұту және қалтыраудан мойын бұлшықеттерінің жиырылуы ықпал етеді. Кей адамдарда физикалық жүктемеден кейін жүрек айну, құсу, жарыққа немесе дыбысқа сезімталдық, көрудің бұзылуы сияқты белгілермен қатар жүретін мигрень пайда болуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!