Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай Бекжановтар қыздарының орамалға келуі жайлы сұрақтарға "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама жүргізушісі Мирас пен Құралайдан қыздарының (екі үлкен қызы) орамалға келуі жайлы сұрады.
"Шүкір, мен де оны оған кішкене итермеледім десе болады. Біреу түсінеді, біреу түсінбейді. Енді адамдар әртүрлі. Ол тақырыпты мен онша қозғағым да келмейді. Әйтеуір әкесінің парызы - аман-есен, абыроймен қыздарын ұзатып жіберу. Ар жағында ол орамал таға ма, тақпай ма мен оны күйеубалаға тапсырамын. Ол соның мойнына жүктеледі. Сол себепті әкесінің парызы - аман-есен қызын тұрмысқа беріп, міндеттен құтылу. Алла қаласа, бұйырса көрерміз, иманды, иман байлығы бар, иман жүзді күйеубала табылса, тіптен, жақсы. Сондай табылатын шығар деп сенеміз, - деді Мирас Бекжанов.
Сондай-ақ жүргізуші Құралайдың сахна адамы болғандықтан, орамал тақпайтынын айтып, қыздар оны кімнен көргенін сұрады.
"Біздер бәріміз үйде дінге жақынбыз, бес уақыт намазымызды оқимыз. Оның үстіне төрт бала да әжесінің тәрбиесінде өсті. Таңертеңнен кешке дейін әжесінің қолында құран, жүрегінде иман дегендей. Мирас екеуміз Меккеге барып келдік. Олар - осы ортада өсіп келе жатқан адамдар. Орамал оларға жат нәрсе емес", - деді Құралай Бекжанова.
Жұлдызды отбасы әлеуметтік желілерде осыған қатысты жағымсыз пікірлер жазатындар бар екенін жасырмады.
"Инстаграмда кейбіреулер түсінбейді. "Неге орап тастадыңдар", "немене сонша тұншықтырып тастадыңдар", "басқа бағытқа кетіп қалғансыңдар" деп жазатындар бар. Әр адам өз жолын өзі таңдайды. Біз өзіміздің балаларымыздың бақыты үшін осы жолдарды таңдап жатырмыз", - деді Мирас Бекжанов.