- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Неге көзіме жас...
“Неге көзіме жас келеді?“ Мақпал Жүнісова жаңа романс жазып жатыр
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жақында тыңдармандарын жаңа туындымен қуантады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, жаңа романс жазу барысынан видео жариялады.
Мақпал Жүнісова орындайтын жаңа туынды "Жаңбыр да жалғыз" деп аталады.
"Бүгін жаңа романс жазып жатырмыз. Мақсат дауысымды жазады. Алғашқы тыңдарманым – Бауыржан Рахымбеков. Әнін жазған Индира Елубаева, өлеңін жазған Айдар Сайлауов, өңдеген Мәди Айжанов. "Жаңбыр да жалғыз" деген жаңа романсты қабыл алаңыздар! Алла қаласа, үш-төрт күнде дайын болады", – деді ол студиядан видео жариялап.
Мақпал Жүнісованың тұрақты тыңдармандары мен әлеуметтік желідегі оқырмандары жаңа туындыны асыға күтіп жүргендерін айтып, жақсы пікір жазып жатыр.
"Не деген орындау, керемет, әнге сән келтіретін әншісіз", "Жаңбырдың әр тамшысын періштелер алып түседі екен... Барлық ауыртпалықтар жаңбырдай болып, әнмен жуылып кетсін!", "Ғажап дауыс! Ғұмырлы бол! Мақпал – аңыз адам! Қайталанбайтын дауыс қой, шіркін!", "Авторларын айтатын жалғыз әнші", "Неге көзіме жас келеді... Жүрекке жеткізіп айтасыз" деген пікір көп-ақ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева