Соңғы уақытта халықтың басым көбі бас ауруына жиі шағымданады. Оның туындауына түрлі нәрсе әсер етуі мүмкін. Негізгі себептеріне тоқталайық.
Аз су ішу
Ағзаға су жетіспесе де бас ауыра бастайды. Бұндай жағдайдың туындауын алкоголь өнімдерін тұтынған кезде байқаймыз. Бас ауруы жиі мазалай бастаса, күніне қаншалықты жиі су ішесіз, соған мән беріңіз. Күніне судың қажетті мөлшерін тұтынуға тырысыңыз.
Көзіңіздің көруі нашарлауы
Көздің көру қабілеті нашарласа, біз көзге және миға артық салмақ саламыз. Әсіресе, жақыннан көру қабілеті нашарлаған жағдайда бас ауруы мазалай бастайды. Ол үшін көз дәрігерінің көмегіне жүгініп, көзілдірік алыңыз.
Ұйқы қанбады немесе артық ұйықтап қою
Ересек адамдар үшін қалыпты ұйқы уақыты — 7–8 сағат. Егер аз не шектен тыс көп ұйықтасаңыз да бас ауруы мазалайды. Ондай жағдайда тіпті жүрек айнуы мүмкін. Одан құтылудың жалғыз жолы – ауруды азайтатын дәрі қабылдау.
Ашулану, уайымдау немесе созылмалы стресс
Стресс кезінде де иық пен мойын бұлшықеттеріне күш түседі. Бұлшықетке түске күш миға әсер етпей қоймайды. Омыртқаның бұрыс жұмысы сияқты рөл атқарады. Сондықтан ашуланған, уайымдаған кезде бас ауруы туындайды. Бұған жылағаннан кейін пайда болатын ауру да қосылады. Бұндай жағдайда тынышталу жолын іздеңіз.
Ашығу
Ағзадағы қанттың азаюы да бас ауруын тудырады. Сол себепті ашықпай, жеңіл қорытылатын көмірсу тұтынуға тырысыңыз. Басыңыз ауырса бастаса тәтті шай, жеміс шырыны, сүт ішіп алыңыз.