Қазір жастар өзіне сай емес серік таңдауға құмар. Неге адамдар өмірін қиындататындармен бірге болғысы келеді? "Доктор Питер" бұл жайлы мамандармен сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шрек" мультфильмінің алғашқы бөлігі 2001 жылы шықты. Сол кезде әлем Фиона ханшайым, айдаһар, есек және батпақта тұратын дәу Шрек бейнеленетін ертегі әлемін жақсы көрді. Мультфильм сыртқы келбеттен бұрын жанды сүю керек екенін үйретеді. Ал зумерлер "шрекизмге" өз мағынасын жүктеп жүр.
Шрекизм деген не?
Психотерапия тәжірибесінде халық "шрекизм" деп атайтын құбылыс жиі кездеседі.
"Мәні мынада: адам өзіне сырт келбет, әлеуметтік мәртебе немесе басқа өлшемдер бойынша "төмен" серіктес таңдайды. Сырттай қарағанда, бұл кішіпейілдік пен кемшілікті қабылдау сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ мұндай таңдаудың артында әлдеқайда күрделі себептер жатады", - дейді маман.
Марина Калюжнаяның айтуынша, көп адам "жақсы қыздардың бұзақыларға, ал жақсы жігіттердің "көкбет" қыздарға тартылатынын" айтады. Бұл түсінік поп-мәдениетте мықтап орныққан: фильмдер, әндер, жасөспірімдер арасындағы "аңыздар" бар.
Негізінде "сүйіспеншілік азаппен келуі керек, азап қатынастарға тереңдік береді" деген идея жатады. Соның салдарынан адам үйлесім емес, сынақ, драма іздейді. Бүгінгі жастардың әуелден қиын болатын серіктесті саналы түрде іздеуінің бір себебі осы болуы ықтимал.
Неге бізге мінезі келмейтін адам ұнайды?
Біріншіден, өзін-өзі бағалау маңызды рөл атқарады. Адам өзін құнды сезінбесе, тастап кету қаупі төмен болсын деп өзінен "әлсіздеу" серіктес іздейді.
Екіншіден, бала кездегі сценарий әсер етеді. Егер баланың ата-анасының бірі қорлыққа шыдаған немесе мінезі ауыр жұбайына көніп жүргенін көрсе, бейсана түрде сол үлгіні қайталауы мүмкін.
Үшіншіден, бақылау факторы бар. "Көбірек тартымсыз" серіктеспен қарым-қатынас адамға "мен бастымын" деген жалған үстемдік сезімін береді.
Шрекизмнің тұзақтары түсінікті. Бір жағынан, мұндай одақ төзімділікке үйретеді. Екінші жағынан, жасырын реніш пен менсінбеу жиналып, ақыры жанжалға әкеледі. Мұндай жұптарда "Мен одан да жақсы адамға жолығар едім" деген сөздер жиі айтылады. Бұл біртіндеп сенімді бұзады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!