Найзағайдан қалай қорғану керек? ТЖМ кеңесі

Төтенше жағдайлар министрлігі найзағайдан қалай қорғану керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үйде болсаңыз терезелер мен есіктерді жауып, электр құралдарын өшіріңіз.

Көшеде жүрсеңіз:

  • үй-жайға кіріп кетіңіз;
  • металл қалқалар мен ағаштың астында тұрмаңыз;
  • көліктен шықпаңыз;
  • мотоциклден/велосипедтен түсіп кетіңіз;
  • қолшатырды ашпаңыз;
  • ұялы телефоныңызды сөмкеңізге салып қойыңыз;
  • киімге металл аксессуарлар жабыстыруға болмайды.

Табиғатта жүрсеңіз:

  • биік ағаштардың астында жасырынбаңыз;
  • ойпатта тығылып қалыңыз;
  • су қоймаларына жақындамаңыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!