Қазгидромет 3, 4, 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Боран, көктайғақ
Солтүстік-батыс циклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, боран соғып, көктайғақ болады. 4 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр) болжанып отыр.
Ауа температурасы
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі, таңертеңгі уақытта тұман түседі. Сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова