Көктемнің алғашқы айында ел азаматтарын ұзақ демалыс күтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Наурызда Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Бұл айда:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні болады;
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.
8 наурызда қалай демаламыз?
2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан 9 наурыз, яғни дүйсенбі де демалыс болады. Ұзақ демалыстан кейін алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі.
8 наурыздағы демалыс кестесі:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш күн демалыс, 10 наурыз - жұмыс күні;
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні.
Наурызда қалай демаламыз?
Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі.
- 21 наурыз - сенбі;
- 22 наурыз - жексенбі;
- 23 наурыз - дүйсенбі.
Бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері ретінде 24 және 25 наурыз беріледі.
Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 21-25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі-сәрсенбі);
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!