Наурызда ел азаматтары қанша күн демалады?

Наурызда ел азаматтары қанша күн демалады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Көктемнің алғашқы айында ел азаматтарын ұзақ демалыс күтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурызда Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Бұл айда:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні болады;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

8 наурызда қалай демаламыз?

2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан 9 наурыз, яғни дүйсенбі де демалыс болады. Ұзақ демалыстан кейін алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі.

8 наурыздағы демалыс кестесі:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш күн демалыс, 10 наурыз - жұмыс күні;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні.

Наурызда қалай демаламыз?

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі.

  • 21 наурыз - сенбі;
  • 22 наурыз - жексенбі;
  • 23 наурыз - дүйсенбі.

Бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері ретінде 24 және 25 наурыз беріледі.

Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 21-25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі-сәрсенбі);
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget