Наурыз мейрамы қарсаңында тамақтан уланып қалмаңыз: дәрігерлер ескерту жасады

Мереке күндері мол дастархан жайып қана қоймай, қауіпсіздікке де мән беру қажет. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тағамнан уланудың алдын алу үшін:

  • белгіленбеген орындардан үй жағдайында дайындалған тағамды сатып алмаңыз;
  • өнімдердің сақталу шарты мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;
  • тез бұзылатын тағамдар тоңазытқышта сақталуға тиіс.

Азаматтарға кеңес:

  • Ауа райын ескеріңіз, жылырақ киініңіз;
  • Адам көп жиналатын орындардан, әсіресе, балалармен жүргенде аулақ болыңыз.
  • Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға: тағамды дайындау, сату кезінде санитария талаптарын қатаң сақтау, үй жағдайында дайындалған өнімді сатпау, қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету және медициналық тексерістен өткізу, бір реттік ыдыстарды пайдалану, жеке гигиена ережелерін сақтау, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болуы, қалдықтарды жинауға арналған орындарды ұйымдастыру, қоқысты уақтылы шығару қажет. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!