Наурыз мерекесіне орай қанша күн демалыс берілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызда қалай демаламыз?
Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі.
- 21 наурыз - сенбі;
- 22 наурыз - жексенбі;
- 23 наурыз - дүйсенбі.
Бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері ретінде 24 және 25 наурыз беріледі.
Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 21-25 наурыз - бес күн қатарынан демалыс (сенбі-сәрсенбі);
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, 25 наурыз - жұмыс күні.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова