Нәрестенің алып болып дүниеге келуі неге қауіпті? Дәрігер түсіндірді

Нәрестенің алып болып дүниеге келуі неге қауіпті? Дәрігер түсіндірді
Фото: depositphotos.com

Кейбір 3–4 айлық нәрестелердің салмағы бір жастағы балалардікімен тең болады. Аналар әлеуметтік желілерде балаларының тез өсіп жатқанын айтып мақтанып жатыр. Алайда педиатрлардың айтуынша, бұл - алаңдайтын жайт, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Бұл жағдай тұқым макросомиясы деп аталады. Яғни, нәресте туған кезде 4–4,2 келіден асып, алып болып туады. Мұның бірнеше себебі бар: 

  • Қазіргі әйелдер арасында семіздік көбейіп келеді.
  • Гестациялық диабет (жүктілік кезінде пайда болатын қант диабеті) кеңінен тараған.

Макросомияның екі түрі бар:

  • Симметриялық: нәрестенің бойы ұзын, майы көп емес, бұл қауіпсіз.
  • Ассиметриялық: іш, кеуде, иығы үлкен, май көп жиналған. Бұл жағдайда инсулин жеткіліксіздіктен қандағы қант деңгейі реттелмейді, нәресте де артық май жинайды.

Нәтижесінде: босану қиындайды, кесар тілігі қажет болуы мүмкін, иық қысып қалуы мүмкін. Кейбір балалар гипоксиядан зардап шегіп, миына зақым келуі ықтимал.

Болашақта мұндай балаларда диабет, қан қысымы жоғары, астма пайда болу қаупі артады. Ал аналар үшін гестациялық диабет қаупі төрт есе жоғары болады.

Симптомдарға назар аударыңыз: қатты шаршау, шөлдеу, жиі зәр шығару. Арнайы зерттеулер арқылы гестациялық диабет уақытында анықталып, бақылауға алынуы керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget