- Негізгі бет
- LifeStyle
- Намаз оқымай, ораза...
Намаз оқымай, ораза ұстау дұрыс па?
Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі - Рамазан айы келіп жетті. Ораза ұстауды ниет еткен адамдарды мазалайтын сұрақтардың бірі - "намаз оқымай, ораза ұстауға бола ма?". Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісіне ҚМДБ мамандары жауап берді.
"Күніне бес уақыт намаз оқу мен Рамазан айында ораза ұстау – Ислам дінінде бұйырылған жеке-жеке ғибадаттар. Ораза ұстау үшін намаз оқу шарт емес. Намаз оқымайтын кісі ораза арқылы дінге бір табан жақындап, келер жылдары намазға жығылуы әбден мүмкін. Бірақ намаз әрбір балиғат жасына жеткен, ақыл иесіне парыз, оны орындамау үлкен күнә екенін де ұмытпаған жөн. Қияметте де ең бірінші сұралатын амал – намаз.
Ораза ұстау үшін намаз оқу шарт емес, сондай-ақ намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл болмайды деу – қате сенім", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алғаш рет ораза ұстайтын адамдар білуге тиіс негізгі нәрселер
А. Жапатова