Желіге @kadyrkhanova_s лақап атымен танымал қолданушы ата-енесіне пранк жасайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода келіні жанына ата-енесін отырғызып қойып, өзін таныстыра бастайды. "Бірге тұрамыз, мал қараймыз" деп ойдан әңгіме құрастырады. Бір кезде атасы "байып кетіппіз ғой" деп ойын айтады. Енесі болса атасына "тыныш отыр" дегендей ишара білдіреді. Келіннің әрекеті жұртты әбден күлкіге қарқ етті.
@kadyrkhanova_s ата-енеме пранк
♬ оригинальный звук - Самал Кадырханова
Өзге қолданушылар "Ата-енесі емес, сол үйдің ерке қызы сияқты", "Мынадай келін болса, үйде күнде концерт қой", "Тентек қыз" сынды пікірлер қалдырған.