- Негізгі бет
- LifeStyle
- Мына екі өнімнен...
Мына екі өнімнен бас тартсаңыз, қатерлі ісік туындауы мүмкін
Эндокринолог және медицина ғылымдарының докторы Зухра Павлова өзінің телеграм-каналында ет пен сүтті өнімдерден толықтай бас тартуға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, жаңа зерттеулерге сай бұл өнімдерсіз адам ағзасы қатерлі жасушалармен күресуге әлсіз болады.
Ғалымдар жануарларға тәжірибе жасау барысында осындай қорытындыға келген. Олар ет және сүтті өнімдердегі ақуызды антигендер ішекте қатерлі ісіктердің дамуына кедергі келтіретінін көрсетті. Оған қоса, антигендер аш ішектегі иммунды жүйені іске қосады.
Кеміргіштерге жүргізілген тәжірибелер антигендерсіз тамақ жеген жануарлардың аш ішегінде қауіпті ісіктердің саны артқанын көрсетті. Алайда кеміргіштердің рационына альбумин – ет пен сүттің антигенін қосқаннан кейін түзілімдер азая бастаған.
"Тамақта тағамдық антигендердің болмауы иммунды жүйе жұмысына қатты әсер етті", – дейді Зухра Павлова.
Эндокринолог ең дұрыс шешім – үйлесімді және әртүрлі тамақтану екенін ескертті. Өнімдердің әр тобы ағза үшін өзінше пайдалы. Сондықтан аллергия немесе қарсы көрсетілім болмаса, ет пен сүтті өнімдерден бас тартпаған дұрыс.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова