Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмаханның отбасымен түскен суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қоңыр күз. Уақыттың зымырап өтіп жатқанын біздің Жанұяға қарап сезсеңіздер болады. Кеше ғана у-шу болып үйленіп едік. Міне, бүгін төрт құбыламыз түгел боп, алдарыңызда тұрмыз. Аллаға сансыз шүкір! Оқу жылы сәтті болсын. Балаларымыз үміттерімізді ақтап, жетістіктерімен қуантсын. 3 рет 5k", - деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында екі ұлымен және күйеуі Райммен түскен суреттерін жариялап.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің жаңа жазбасын қызу талқылап жатыр. Оқырмандардың бір тобы әншінің отбасына бақыт тілеп жатса, енді бір тобы Ерке Есмаханның үлкен ұлы туралы пікір қалдырып жатыр.
"Мүслім сіздердің балаларыңыз емес, інілеріңіз сияқты ғой", "Мүслім үлкен азамат болып қалыпты, жарайсың", "Мүслім көз алдымызда өсіп, жігіт боп қалыпты" деген пікірлерді жиі кездестіруге болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!