Мұрын терісіне қарап қандай аурулар туралы білуге болады?

Мұрын терісіне қарап қандай аурулар туралы білуге болады?
Фото: depositphotos.com

Мұрындағы немесе кеңсіріктегі қызыл бөртпе қызыл жегі немесе розацеяның, ал мұрынның ұюы тригеминальды трофикалық синдромның белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы физиолог Дэн Баумгарт айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Conversation-ге сілтеме жасап.

Тригеминальды трофикалық синдром - мұрын терісі ұйып қалатын сирек жағдай. Сондай-ақ қышу сезімі болуы мүмкін.

Ал қызыл жегі ауруы кезінде иммундық жүйе ағзаның сау тіндеріне шабуыл жасайды. Бұл аурудың көріністері өте алуан түрлі, сондықтан оны "ұлы еліктеуші" деп атайды. Аурудың айрықша ерекшелігі – бет пен мұрынға көбелек тәрізді бөртпе шығады.

Қызыл жегіні көбінесе розацеямен шатастырады, бұл беттегі тамырлар кеңейетін басқа аутоиммунды ауру. Сонымен қатар безеу ауруы кезінде шығатын іріңді және іріңсіз бөртпелер пайда болуы мүмкін.

Ал розацея холестерин деңгейінің жоғарылауы, қант диабеті, гипертония және артритпен тығыз байланысты. Кейбір жағдайларда бұл мұрын терісінің қалыңдауына және беттің өзгеруіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә