- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Мұның бәрін жасырын...
"Мұның бәрін жасырын ұстау қиын болды". Индира Елемес 19 жасқа үлкен күйеуі туралы айтты
Әнші Индира Елемес алғаш рет "Қызықты weekend" бағдарламасында жолдасы туралы айтып, отбасын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, көпшілік күйеуін өзге ұлтпен жиі шатастырады.
"18 жасымда тұрмысқа шықтым. Бала босанған соң көпшілік жерде жүрмеймін, тек қана шетелге барамын. Сондықтан болар, көп әншілермен де араласа бермеймін. Шынында, мұның бәрін жасырын ұстау қиын болды. Енді бала-шаға өсіп қалды, "неге достарым жоқ?" деп ойлана бастадым. Қазір екі қыз, бір ұлым бар. Көпбалалы ана болғым келеді. Тұңғышымның есімі - Лейла, ұлым Қажымұқан және кішкентайым Айлин.
Негізі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатайдың келінімін. Күйеуім - таза қазақ. Сырт келбеті басқа ұлтқа ұқсайтындықтан, көбісі шатастырып жатады. Ол менен 19 жас үлкен", - деді әнші.
Әнші әкесінің өмірден ерте өткенін айтты.
"Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келгенмін. Әкем өмірден ерте өтті. Мықты хирург болатын. Қайтыс болатын күні бір кісінің өмірін құтқарып, операциядан шыққан. Үйге нан алайын деп келе жатқанда Камаз басып кеткен. Әкемді көрген жоқпын. Ес білгелі анамның құшағында өскен қызбын. Бір әпкем, бір сіңлім Шымкент қаласында тұрады. Қалған үшеуміз Алматыдамыз. Анам да осы жаққа көшіп келді", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін әнші Индира Елеместің Арман Дүйсенов туралы айтқаны жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Биохимиялық теорияның авторы кім?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы