- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Мұндай ер адамды...
"Мұндай ер адамды бірінші рет көруім". 4 баласымен филиппиндікке тұрмысқа шыққан қазақстандық күйеуі туралы айтты
Жаным баклажаным лақапатымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева төрт баласымен филиппиндік азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің көмегі мен қолдауы туралы айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер күйеуінің балаларға ерекше қарайтынын, өзіне де қолдау көрсететінін айтады.
"Майкты өмір бақи мақтай аламын. Мұндай ер адамды бірінші рет көруім. Үйде өзіміз ғана болсақ, Майк демалыста балалармен ойнайды немесе солармен кино көреді. Сенбі кездесуге кеткенше. Бірақ кеше таңғы астан кейін ол үстіне бөлмеге кетіп қалды. Бұл мен үшін біртүрлі көрінді. 1 сағат күттім. Жұмыспен болса, ол айтып кететін. 1 сағат көтерілмей күттім. Бір түспеді, "бізден шаршаған демек" деген ойлар кетті. Ашуланып үстіге бара жатырмын, "разборкаға" іштей дайындалып. Сөйтсем, мен жуып, бірақ реттемеген барлық киімді реттеп отыр ғой. Ашумен келе жатқан мен сасып қалдым", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін де төрт баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы өмірі қалай өзгергенін айтқаны туралы жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Даналық кітабында» адам бойындағы қандай ізгі қасиеттер дәріптеледі?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова