- Негізгі бет
- LifeStyle
- Мұқтаж жандардың баспаналы...
Мұқтаж жандардың баспаналы болуына көмектесетін блогер Ырысбала Икрамбай ұлды болды
Танымал блогер, көптеген мұқтаж жанның баспаналы болуына көмектескен Ырысбала Икрамбай жақсы жаңалығын бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ырысбала Икрамбай жаңа туған сәбиіне Расул деген есім беріпті.
"Ал Расул Романұлы анаңның құрсағынан әкеңнің құшағына қош келдің!", – деп жазды ол.
Блогердің айтуынша, сәби 39 аптадан 5 күн асқанда дүниеге келген. Бойы – 56 см, салмағы 4 келі 300 грам болып туылған.
"Жарты сағат өзіме келе алмай өксіп, айқайлап жылап алдым-ау. Шүкір, барлығы артта қалды. Жүрек деген адамның моторы екен. Тоқтап қалса, сен де еріксіз тоқтайсың. Керісінше, зуылдаса, ілесе алмай қаласың. Тура толғақ уақытында іштегі баланың да, менде де тахикардия болып, жаным көзіме көрінді. Есімді жоғалтып, не болып жатқанын түсінбеймін, қабылдамаймын. Өлдім деп ойлап, кәлимаға тілім келмей жатты бұрмаланып", – деді блогер.
Айта кетейік, Ырысбала Икрамбай осы уақытқа дейін көптеген қазақстандыққа үй алуға көмектескен болатын. Оның командасы "Ырысты армия" деген атпен танымал.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева