Біраз уақыт бұрын "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі ретінде танылған Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтқан еді. Қоғамда қызу талқыланған іске қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші мен оның өкілі тағы да мәлімдеме жасады
Әнші Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде тараған видеода жаңа мәліметті бөліскен.
"Нақты біреуге жала жабудан аулақпын. Бірақ кейінгі кезде болып жатқан жағдайлар - алаңдататын жағдайлар. Аулада екі жігіт соғып өтіп, басына бас киімді басып киіп алған, аузында бетперде. Екіншісінде мыңғырлап, бұрылды да, сөздерін айтар-айтпастан кетіп қалды. Жууға апарғанда көлігімнің бұрандасы босап тұр. Адамға небір ой келеді екен", - деді ол.
Сондай-ақ, әншінің өкілі, заңгер Инга Иманбай іс қалай жүріп жатқанын айтты.
"Заңгер ретінде анық айта аламын. Бұл іске біреулердің ықпалы болып жатыр. Себебі 107-бап - орта дәрежедегі бап (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) және ол бойынша істің жарты жыл бойы сотқа жетпеуінің өзі бұл жерде ықпалдың бар екенін, қандай да бір күмәнді жағдайлар болып жатқанын көрсетеді. Сондықтан заңгері ретінде, өкілі ретінде Ғалымжан мырзаның айтып тұрған жағдайларына алаңдаулымын", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мән-жайы
Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен шыққан. Ғалымжан Сүлейменнің сөзінше, кейін жағдай ушығып, бірнеше адаммен жүрген Мұқасан Шахзадаев оған күш қолданған.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Кейін танымал әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова