Мұқасан Шахзадаев “Нұр-Мұқасан“ тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталды: қылмыстық іс қозғалды

Мұқасан Шахзадаев “Нұр-Мұқасан“ тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталды: қылмыстық іс қозғалды
Фото: Жан Ахмадиевтің парақшасынан

"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтты. Полиция осы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция пікірі

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан М. және өзге де бірнеше адам оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арыз түсті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған полицияның Massaget.kz-ке жауабында.

Полиция тергеу нәтижелері бойынша ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен шыққан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget