Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді.
"Суыт хабар. Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!" - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, биыл сәуірде Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова