Моншаға түсуді әдетке айналдыруға 6 себеп

Монша – босаңсудың және денеге күтім жасаудың бір әдісі. Моншаға бару көптеген елдің мәдениетінде кездеседі. Моншаға жүйелі түрде түсу ағзаға жағымды әсер етеді. Оны әдетке айналдырудың 6 себебін ұсынамыз.

Физикалық жүктемені түсіреді

Күйзеліс, физикалық жүктемелер, бір орында отырып жұмыс істеу, ауыр сөмкелер – бұлар ағзамызға жағымсыз әсер ететін проблемалардың бір бөлігі ғана. Солардың салдарынан иықта шаршаңқылық пайда болады, аяқ ісіп кетеді, ал арқа тоқтаусыз ауырады. Жағымды ағаш иісі бар және ылғалдылығы жоғары моншаның ыстық ауасы бұлшықеттерді босаңсытады, ауырсынуды және жүктемені кетіреді. Сол үшін де физикалық жаттығуларды моншамен аяқтауға кеңес береді және көптеген жаттығу залының ішінде шағын сауна бар.

Босаңсытады

Моншаның ыстық ауасы тек физикалық жүктемені түсіріп қана қоймай, күйзеліс, ұйқысыздық немесе көптен бері демалмағаннан пайда болатын психологиялық қысымды түсіруге көмектеседі. Бұл мақсатта моншада шөптік шайлар ішкен де пайдалы.

Арықтауға ықпал етеді

Монша зат алмасуды жалдамдатады және арықтауға көмектеседі. Бірақ дұрыс тамақтану мен спорт жайлы ұмытпау керек.

Иммунитетті арттырады

Монша процедуралары иммунитетті арттырып, көптеген аурумен күресуге көмектеседі. Әсіресе, тұмаумен жиі ауыратындар және жоғары тыныс алу жолы проблемалары бар адамдар моншаға жүйелі түрде барып тұруы керек. Алайда моншаға түсуге қарсыкөрсетілімдер бар. Сондықтан алдымен дәрігермен кеңесіп алған дұрыс.

Теріні тазартады

Тері тесіктеріне күнде түрлі ластық, бактериялар жиналады. Оларды үйде тазарту оңай емес. Ал моншадағы ыстық әрі ылғал ауа тері тесіктерінің ашылуына ықпал етіп, тер шығару арқылы уыттардан тазаруға көмектеседі.

Қан айналымды жақсартады

Монша қан айналымын жақсартады және жылдамдатады. Бұл жалпы денсаулық үшін маңызды. Қан оттек пен пайдалы заттарды тасып, бүкіл ағзамен, яғни, жүрек, ми, ішкі органдар арқылы өтеді. Нашар қанайналым жүрек ауруларына және ішкі органдар проблемаларына әкелуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Моншаға барып дұрыс жуынудың жолы