Моншаға түсу кімдерге қауіпті болуы мүмкін? Кардиолог кеңесі

Моншаға түсу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан қауіпті азайту үшін ішімдіктен аулақ болған және денсаулықты бақылауда ұстаған жөн. Гипертония және өкпе ауруына шалдыққан науқастар осындай мәселеге тап болуы мүмкін. Бұл туралы Lenta.ru-ға кардиолог Ярослав Ашихмин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, моншаға барар алдында тіпті бір стақан сыра ішуге болмайды, өйткені мұндай кезде моншаның пайдасы болмайды. Моншаға барған кезде гипертониямен, төмен қан қысымымен, сондай-ақ, өкпе ауруларымен ауыратын адамдар мәселеге тап болуы мүмкін.

Маманның пікірінше, адам ешқашан моншада буда отырып көрмесе, онда алғашында ең көп дегенде екі минут қана отыруы керек. Дегенмен, Ярослав Ашихминнің сөзінше, ұзақ дайындалған адамдардың жүрек-қан тамырлары жүйесіне монша немесе сауна оң әсер ететінін көрсететін зерттеулер де бар.

Еске салайық, бұған дейін қандай кезде моншаға баруға болмайтыны айтылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!