Булы монша – адамдар жуыну, босаңсу және кей ауруды жеңілдету үшін баратын пеші бар бөлме. Моншаның адам денсаулығына пайдасы қандай және моншада қанша уақыт отыруға болады?
Қанайналымды жақсартады
Моншаға бару адамдардың жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады. Моншадан алынатын ылғал жылу қылтамырлардың кеңеюіне ықпал жасап, соның себебінен қанайналым жақсарады. Нәтижесінде қан ағза бойымен кедергісіз ағып, мүшелер мен жасушаларды оттекпен қамтамасыз етеді.
Терінің демалуы
Моншада немесе саунада жылудың әсерінен тер көп мөлшерде бөлінеді. Нәтижесінде, терінің төменгі қабатынан барлық ластықтар шығатын тесіктер ашылады. Сұйық конденсат ластықты жуып, өлген жасушаларды тері бетінен алып шығуға көмектеседі.
Жаттығудан кейінгі қалыпқа келу
Адамдар машықтанудан соң жиі бұлшықеттер ауруын сезінеді. Ол ағзаның жүктемеге қалыпты реакциясы. Бірақ бұлшықеттерді босаңсытып, олардың қалпына келуін қамтамасыз ету маңызды. Монша жаттығудан кейін қалыпқа келуге көмектесе алады.
Күйзелісті азайту
Жылы моншада болу эндорфиндердің (бақыт гормоны) түзілуіне ықпал етеді. Олар күйзелісті азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, моншада болу кортизол гормонының түзілуін азайтады. Ол күйзелісті жағдайға жауап ретінде бөлінетін гормон. Сондықтан моншадан соң адам өзін босаңсыған және жаңарған секілді сезінеді.
Мұрын қуысының ашылуы
Монша жылулығы дененің барлық шырышты қабығына өтеді, сондықтан моншада жеңіл әрі терең тыныс аласыз. Буда аз уақыт отырғанның өзі мұрынның бітелуін кетіреді. Сондықтан, моншаға барудың тұмауды емдеуге де көмегі тиеді.
Монша ішіндегі буда отыру уақыты әр адам ағзасының ерекшелігіне, монша түріне және температураға қарай әртүрлі. Десе де, орташа есеппен қолайлы уақыт – 10-15 минут.
Моншада температура жоғары болғандықтан, кей адамдар тобына оған баруға болмайды:
- жүкті әйелдер;
- жүрек ауруы бар адамдар;
- гипертония (жоғары қан қысымы) немесе гипотониясы (артериялық қысымның төмендеуі) бар адамдар;
- қояншығы (ұстамалы ауру) бар адамдар;
- антибиотик қабылдап жүрген адамдар;
- психотроптық дәрілер қабылдап жүрген адамдар.
Монша процедуралары денсаулыққы зиян келтірмес үшін буға қалай түсу керегін білу керек.
Бірнеше қарапайым ереже: