Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатов пікір білдірді

Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатов пікір білдірді
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын растап, журналист Жанар Байсемізге көлемді сұхбат берді. Осы сұхбаттан кейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатов кейбір жайттарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

"Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін және балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанова өміріндегі ең қиын кезең туралы айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget