Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова мен продюсер Баян Алагөзованың арасында дау туындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші КешYOU тобының концертіне қатыспайтынын мәлімдеді.
"КешYOU-дің концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын. Дегенмен осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңнен өттім: сахнада да, әртүрлі лауазымда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәтте өнерден алыстап, кейін қайта оралып та үлгердім. Өнер жолымның қалыптасуына үлес қосқан барша ұжымға, әріптестерге, жанымнан табылған адамдарға және ең әуелі өзімнің адал көрерменіме, халқымa алғысым шексіз. Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да, көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру - менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша, тыңдарманым. Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Баян Мақсатқызы әншінің бұл мәлімдемесіне былай деп жауап қатқан:
"Саған енді өзімді де, сен үшін жасағандарымды да аяқасты етуге жол бермеймін. "КешYOU-ға 20 жыл" атты фильмнің үшінші бөлімін күтіңіздер. Фильмде оның абыройын сақтауға тырысып жүргенде, ол концертке қатысудан өз бетімен бас тартты!"
Желі қолданушылары бұл жайтты қызу талқылап жатыр:
"Баян көтерді, киносына түстің, айтса, шындықты айтты", "Су ішкен құдығыңа түкірме" дейтін бе еді осындай кезде", "Баянға рақмет, киноға түсірді, танымал етті, еңбегі бар Баянның", "Жеке тұлға ретінде шекараңызды бекітуге әбден құқылысыз", "Мөлдірмен біргеміз".
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz