Мөлдір Әуелбекова концерттерден не үшін шеттетіліп жатқанын айтты

Мөлдір Әуелбекова концерттерден не үшін шеттетіліп жатқанын айтты
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova?

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзін орамалы үшін көптеген концертке қатыстырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Мені орамалым үшін тележобаларға және көптеген концертке қатыстырмайды.
Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны
босатып бере саламын-ау…
Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол COVER SHOW!
Себебі, Мейрамбек Бесбаев шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды! Рақмет жан ағам, ән ағам!" - деп жазған ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә