“Молда түсінбей қалды“. Айжұлдыз Адайбекова мәһрге не сұрағанын айтты

“Молда түсінбей қалды“. Айжұлдыз Адайбекова мәһрге не сұрағанын айтты
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен некесін қидырды. Актриса мәһрге не сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мәһрге 101 раушан гүлін сұрадым. Жеңіл болсын! Неге алтын, машина емес деп молда түсінбей қалды", - деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші рет отбасын құрды. Ол экстрим-блогер Сәкен Қағаровпен ресми түрде некесін қиды. 

Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова блогер, мобилограф Қыран Талапбекпен тұрмыс құрған еді. Экс-отбасының Назар есімді ұлдары бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget