Танымал қазақстандық мобилограф Қыран Талапбек Әзербайжан президентінің аккаунтына видео түсіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қыран Талапбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Командаммен мақтанамын! Енді біздің жұмысымыз Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиевтің парақшасында жарияланады. Қалай былай?", - деп жазды мобилограф.
Қазақстандық мобилографты Әзербайжан президенті арнайы видео түсіру үшін өз еліне шақыртқан болатын.
"Үйлену тойыма және тек президенттермен кездесуге киетін той көйлегімді киіп алдым", - деп Әзербайжанға барған суретін жариялаған болатын ол біраз уақыт бұрын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!