Диетологтар Эйвери Зенкер мен Йоханна Кац ми саулығына ең пайдалы көкөністерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Эйвери Зенкердің сөзінше, миға ең пайдалы тағамдардың бірі - жапырақты көкөністер. Олардың қатарына қырыққабат, шпинат, руккола және салат жапырақтарының басқа да түрлері кіреді.
Маманның айтуынша, бұл көкөністердің құрамында ағзаға қажет магний, фолий қышқылы, темір, кальций, калий, А дәрумені, В9 дәрумені және К дәрумені мол.
Ал Йоханна Кац ми жұмысына брокколидің де пайдасы зор екенін айтты. Оның сөзінше, бұл көкөністің құрамында қабынумен күресуге және ішек микробиомы тепе-теңдігін сақтауға көмектесетін сульфорафан деп аталатын биологиялық белсенді қосылыс көп.
"Брокколи өскіні - сульфорафанның ең қуатты табиғи көзі. Сондықтан олар піскен брокколиге қарағанда тиімдірек. Дегенмен екеуінің де ағзаға пайдасы бар", - деді Йоханна Кац.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова