Мидың жұмысын жақсартатын тағамдар аталды

Психиатр Хавьер Кинтеро мидың жұмысын жақсартуға көмектесетін тағамдарды атады. Маманның айтуынша, ағзаны қажет дәрумендермен қамтамасыз ету ми саулығы үшін маңызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі El Confidencial басылымына сілтеме жасап.

Дәрігер ең алдымен мидың дұрыс жұмыс істеуі үшін В9 дәрумені қажет екенін айтты. Бұл дәрумен жасыл жапырақты көкөністерде, жасымықта, қояншөп пен авокадода мол кездеседі.

Сондай-ақ, ми қызметін қалыпты ұстауда В6 дәруменінің маңызы зор. Оны күркетауық етінен, ноқаттан, банан мен пістеден алуға болады.

Бұдан бөлек, маман ағзадағы D дәруменінің деңгейін бақылауға кеңес берді. Ол үшін албырт балық пен скумбрия секілді майлы балық түрлерін жиі тұтынған жөн.

Ал В12 дәруменінің орнын толтыру үшін сүт өнімдерін, теңіз ұлуларын және сиыр етін жеу пайдалы.

Психиатр жұмыртқаны миға пайдалы тағамдардың бірі ретінде ерекше атап өтті. Оның айтуынша, жұмыртқаның құрамында аталған дәрумендердің барлығы бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!