Ми қатерлі ісігінің білінбейтін белгілері қандай?

Мидағы ісіктің белгісі бас ауруы ғана емес. Бұл туралы онколог Суна Исакова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Мидағы ісік кенет естен тану, көру қабілеті нашарлауы немесе сөйлеудегі проблемалар арқылы да көрінуі мүмкін.

Суна Исакова бас сүйегінде ісік өсуі үшін көп орын жоқ екенін айтты, сондықтан ерте ме, кеш пе, кез келген ісік осы белгілер пайда болуына әкеп соғады.

Онколог мұндай проблемалар туындаған кезде мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгінуге шақырды, өйткені ерте диагноз қою айығу мүмкіндігін арттырады. Ұстама, көру қабілетінің күрт нашарлауы немесе есін жоғалту кезінде жедел жәрдем шақыру керек, оған қоса невропатологпен кеңесу қажет.

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар ми қатерлі ісігі туралы айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!