АҚШ-та оқушы кафеде ер адамды құтқарды. Кейін ер адамның жеген тамағына қыздың аты берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
АҚШ-тағы шағын қаланың мейрамханасында орта мектеп оқушысы бейтаныс ер адамды құтқарып қалды. Мэдисон есімді кафе қызметкері Хэллоуинге арналған әшекейлерді іліп жатқан кезде, қонақтардың бірі кенет тұншығып бастағанын байқаған. Қыз бірден жүгіріп барып, Геймлих әдісін жасап, ер адамның жағдайын тексерді де, арқасынан қағып, жұмысын жалғастырды.
Мэдисон бұған дейін дәл осылай әкесін құтқарған екен. Сол кезде әкесі оған мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегін үйреткен. Қыздың әріптестері не болып жатқанын түсінбей қалды, ал Мэди ер адамды аман алып қалды.
"Мен не істерімді білмей тұрып қалдым, ал ол бірден әрекет етт", - деді даяшылардың бірі.
Budatan мейрамханасы бейнебақылау жазбасын әлеуметтік желіге жүктеді. Видео тез тарап кеткен.
Мейрамхана ұжымы бұл ерлікке алғыс ретінде құтқарылған ер адам жеп отырған "Апельсин қосылған тауық" тағамын енді Madie Special ("Мэди тағамы") деп атауға шешім қабылдады.
Мэди өзін қаһарман санамайды. Оның айтуынша, бұл - табиғи реакция.
Адам тұншығып жатса не істеу керек?
- Егер адам жөтелсе, бұл жақсы белгі - бөгде зат өзі шығып кетуі мүмкін. Мұндай кезде арқасынан ұрудың қажеті жоқ.
- Егер дем ала алмаса, тез қимылдау керек: адамды еңкейтіп, басын кеудеден төменірек ұстаңыз. Алақанмен жауырынының ортасынан бірнеше рет қатты соғыңыз. Әр соққыдан кейін нәтиже бар-жоғын тексеріңіз.
- Егер көмектеспесе, адамның артына тұрып, белінен ұстаңыз. Бір қолыңыздың жұдырығын кіндік пен қабырға арасына (кіндіктен сәл жоғары) қойып, екінші қолыңызбен үстінен қысып ұстаңыз да, жоғары және ішке қарай бірнеше рет жіті итеріңіз. Бұл - Геймлих әдісі.
Егер адам есінен танып қалса немесе жағдай нашарласа, бірден жедел жәрдем шақырыңыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек